Жарнама
Білім

Қосымша білімнің берері мол

Оқушыларды оқудан тыс уақытта қосымша білім берумен қамту маңызды. Өңірде бұл бағыттағы көрсеткішті өткен жылдармен салыстырғанда өсім бар.

Қосымша

Облыстық білім беру басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиевтің айтуынша, бүгінде қосымша біліммен қамту нәтижесі 8,6-дан 22,4 пайызға көтерілді.

«Қызылқоға ауданында – Оқушылар үйі, Құрманғазыда балалар мен жасөспірімдердің  дене шынықтыру клубы ашылды. Дегенмен, оқушыларды көптеп қамтуда қосымша білім беру ұйымдары желісінің әлі де аздығы кедергі болуда. Сондықтан, салада алға бірқатар жоспар қойылды», — дейді Қайырғали Рысқалиұлы.

Оның айтуынша, бұл жұмыстарды жетілдіру мен кеңейтуде заман талабына сәйкес, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, ақпараттық технологиялар, бизнес әліппесі сынды бағыттарды назарға алған жөн. Сондай-ақ, инвестициялар есебінен дамыту, жекеменшік қосымша білім беру нысандарына жергілікті жерлерде қолдау көрсету қажет.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button