«ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ»

Жас кадрдың қабілет-қарымын аңғарған басшылар оны орта мектептің оқу ісі меңгерушісі, кейіннен мектеп директорлығына тағайындайды. Есет Қаженбайұлы – бар саналы өмірін жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған адам. Соңғы жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде студенттерге дәріс берді.

Е.Қаженбаев – жиырмадан астам оқулық пен оқу-әдістемелік құралдың, оның ішінде тұңғыш жарық көрген «Атырау облысының географиясы» оқу-лығының авторы. Әкесі Қаженбай Жалмұханов та бар өмірін бала тәрбиесіне арнаған педагог болатын.

Жуырда Есет Қаженбайұлының «Ағатай» баспасынан «Ұстаз ұлағаты» атты жаңа кітабы жарық көрді. Автордың бұл кітабы, аты айтып тұрғандай, ұстаздар туралы сыр шертеді. Бірнеше бөлімнен тұратын кітапта әкесі, ағайын-туыс, бауыры, отбасы, ұжымдастары, жанына жақын болған жора-жолдастары жайында айтылады. Сонымен бірге, автордың өзі туралы жазылған мақала, сұхбаттарға да орын берілген. Түрлі түсті фотосуреттер өмірдің әр қырынан сыр шертіп, сағынышқа бөлей-тіндей.

«Ұстаз ұлағатының» соңғы бетінде автор шәкірті де емес, аталас туысы да емес, бірақ, ұстаздарға деген үлкен ілтипаты бар қызылқоғалық кәсіпкер азамат Қайырбек Баймұратовқа кітап шығаруға демеуші болғаны үшін көптен-көп алғыс айтады. Ал, біз, оның сексенінші жылғы шәкірттері профессор, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен, «Қазақ ССР білім беру ісінің үздігі», Ы.Алтынсарин төсбелгісімен марапатталған ұстазымыздың әлі де ұрпақ қызығына бөлене беруін тілейміз.

Лиза СЕЙТІМОВА.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз