Білім

Оқу орнындағы жаңашылдықтар

САФИ ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІН ҚАБЫЛДАУ САЛТАНАТЫ ЕРЕКШЕ ФОРМАТТА ӨТТІ. БЕЙБАРЫС СҰЛТАН АЛАҢЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ШАРА «ЖАЙЫҚТАҒЫ ЖҮЗДЕСУ» ДЕП АТАЛЫП, БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАҒАН ЖАСТАРҒА СТУДЕНТТІК БИЛЕТ ПЕН УНИВЕРСИТЕТТІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ.

Салтанат барысында студенттердің қадамына сəттілік тілеген университет ректоры Гүлзада Шакуликова оқу орнының басты жетістіктерін де айтып өтті. – А т ы р а у м ұ н а й ж ə н е г а з университеті жаңа оқу жылын бірқатар жетістіктермен жəне жаңа жобалармен бастап отыр. Университет базасында мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнайгаз университетінің филиалы ашылды. Биыл оқу орны Қазақстанда алғаш рет жоғары білім деңгейінде «Қолданбалы бакалавриат» курсын оқытатын санаулы оқу орындарының қатарына

кіріп, пилоттық жоба бастады. Тағы бір жаңалық – креативті экономиканы дамытуға бағытталған Креативті индустрия орталығы құрылысының басталуы. Университет кəсіби маман даярлауға ғана емес, əр студенттің тұлға ретінде үйлесімді дамуына барлық жағдай жасайды. Жақында студенттер жаңа да жайлы хабта қызықты мəденикөпшілік шараларды өткізуге қатыспақ. Академиялық бағытта қолға алатын бастамалар да көп. Академиялық ұ т қ ы р л ы қ , ш е т е л д і к ж е т е к ш і жоғары оқу орындарымен студент алмасу, университетте өндірістік сертификаттау, дуалды білім беру бағдарламалары биыл да жалғасады.

«Білім-ғылым-бизнес-индустрия» и н т е г р а ц и я с ы н і с к е а с ы р у мақсатында бірқатар жұмыстарды жоспарлап отырмыз, — деді Гүлзада Тəңірбергенқызы. К о н ц е р т т і к б а ғ д а р л а м а м е н ұ ш т а с т ы р ы л ғ а н к е ш ə с е р л і өтіп, университеттің студенттік ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ к л у б т а р ы б и , музыкалық жəне вокалдық нөмірлерді ұсынса, білім ордасының КВН командасы өнер көрсетті. Кештің екінші бөлімі Disco party-мен жалғасты.

Онда Top dance KZ, Асхат Жалғасбай, Hell Cats, YTT project көрермендерді тəнті етті. Салтанатты шарада университет белсенділері, өнерпаздар, «Гурьев» КВН командасы мен спортшылар Алғыс хаттармен марапатталды. Биыл университетке оқуға қабылданған 926 студент көпшілік алдында адал жүріп, білікті маман атануға ант берді. Жастар Жайықтың жағасындағы мəдени кештен үлкен серпіліспен тарқасты.

Мəлике ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button