Жарнама
Білім

Ой жарыстырған ерекше сайыс

Жуырда Атырау қаласындағы №34 көп салалы мектеп-гимназиясында «Әлемнің үш тірегі – математика, физика, информатика» атты пәндік онкүндік аясында ерекше форматтағы іс-шара өтті. Оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттырып, ата-аналарды мектеп өміріне тартуды мақсат еткен білім ордасы бұл жолы тың тәсілді қолға алды.

e9fee1ad 63b4 4e86 b080 47b87d8d8d63

Апталықтың ең қызықты бөлігі – ата-аналарға арналған “GYLYM QUIZ” атты зияткерлік сайыс болды. Оған 1–11 сынып оқушыларының ата-аналарынан құралған 9 команда қатысып, білім мен тапқырлық бәсекесінде сынға түсті. Сайыста математика, информатика және физика салалары бойынша қызықты сұрақтар, логикалық тапсырмалар ұсынылды.
– Ғылым – тек оқушыларға емес, ата-аналарға да ортақ құндылық. Бұл сайыс ата-аналар арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, олардың балаларының оқуына қаншалықты жанашыр екенін көрсетті, – дейді ұйымдастырушылар.

Әділқазылар шешімімен “6×IQ” командасы (6-сынып ата-аналары) 1 орынға лайықты деп танылды. “Жеті қазына” командасы (7-сынып ата-аналары) 2 орын және “Five Stars” командасы (5-сынып ата-аналары) 3 орынды иеленді.
– Бұл сайыс бізге баламыздың күнделікті білім алып жатқан ортасымен етене танысып, өзімізді сынауға мүмкіндік берді. Командамен жұмыс істеу, бірге ойлану – үлкен әсер қалдырды, — дейді жеңімпаз команда мүшесі, ата-ана Гүлназ Ерғалиева.
Сайыс жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталып, мектеп әкімшілігі тарапынан естелік сыйлықтар табыс етілді. Онкүндік аясында өткен бұл шара білім мен тәрбие берудің ортақ жауапкершілік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Осындай игі бастамалар – ұрпақ тәрбиесіне қоғамды түгел жұмылдырудың жарқын үлгісі.

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button