Жарнама
Білім

Облыс әкімі Серік Шәпкенов соңғы қоңырау шарасына қатысты

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов қаладағы Ю.Гагарин атындағы №4 жалпы орта мектепке барып, «Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты шараға қатысты.

Серік Шәпкенов баршаны 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен тұспа-тұс келген оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тіледі. Бүгін мұнда соңғы қоңырау 45 оқушы үшін сыңғырлады.

imgl1188

 Қадірлі ұстаздар! Сіздердің балаға сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбектеріңіз орасан зор. Ұстаздың алдында баршамыз бас иеміз. Өйткені олар білім беріп қана қоймай, шәкірттерімен бірге қуанып, сырласып, қиын кезде демеу болады. Еңбектеріңіз еленіп, өздеріңізден озған дарынды шәкірттеріңіз көп болсын! Құрметті ата-аналар, балаларыңыз артқан үмітті ақтап, берген тәлім-тәрбиеңіздің арқасында бағындырар белесі көп болсын! Құрметті, түлектер! Бүгін сіздер үшін тарихи кезең. Білім мен тәрбие алған алтын ұямен қош айтысып, үлкен өмір жолына аттанғалы тұрсыздар. Ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өтіп, өздеріңіз таңдаған мамандықтың иесі атануды тілеймін, — деді С.Шәпкенов.

imgl1162

Шара аясында облыс әкімі Ю.Гагарин атындағы №4 жалпы орта мектеп ішін аралады. Оқу ордасы екі ғимараттан тұрады. Бастауыш сыныптар орналасқан ғимарат 1961 жылы, орта және жоғары буын сыныптар орналасқан ғимарат 1971 жылы пайдалануға берілген. Бұл білім ошағы күрделі жөндеуді қажет етеді. Бүгінде мұнда 1 579 оқушы білім алады. Мұндағы мектепалды даярлық тобында 109 тәрбиеленуші бар.

Серік Шәпкенов мектептің материалдық-техникалық базасын жақсартып, балаларға сапалы білім беру үшін барлық жағдай жасалатынын айтты. Бүгінгі таңда мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамаға жолданды. Жөндеу жұмыстары келер жылы басталады деп жоспарланған.

Анықтама үшін: 2022-2023 оқу жылында облыстың 211 білім беру мекемесінде 141 228 оқушы білім алды. Биыл 11-сыныпты 5 683 оқушы аяқтайды. «Алтын белгіге» 167 оқушы, «Үздік аттестатқа» 247 оқушы үміткер.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button