Мұғалімдердің кәсіби мерекесі 5 қазанға ауыстырылады

1614840891286 Білім

Оқу-ағарту министрлігі Ашық НҚА порталына еліміздегі мерекелік күндердің тізбесіне өзгерістер енгізу жөніндегі Үкімет қаулысының жобасын жариялады. Онда мұғалімдер күнін қазанның бірінші жексенбісінен нақты 5 қазанға ауыстыру жоспарланған.

Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Қолданыстағы «Мұғалім күні» кәсіби мерекесі негізінен қазан айының бірінші жексенбісіне белгіленген.

Министрліктің түсіндіруінше, бұл өзгерту президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 30 желтоқсандағы тапсырмасын орындау мақсатында енгізілмек.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз