Министр оқу жылы неліктен 31 мамырда аяқталатынын түсіндірді

konyrau 959x630 1 Білім

25 мамырда өткен үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев министрліктің маңызды міндеттерінің бірі – биылғы оқу жылын табысты аяқтау және балалардың жазғы демалысы мен сауықтыруын сапалы ұйымдастыру әрі қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биылғы жаңалық – елімізде оқу жылы (34 аптадан) 36 аптаға дейін ұзартылғаны. Осыған сай оқу жылы биыл 31 мамырда аяқталады.

Бұл шешімнің басты негіздері ретінде министр мыналарды атады:

-балалардың отбасында көбірек уақыт өткізуіне қатысты ата-аналар өтініштерінің ескерілуіне байланысты 5 күндік оқу аптасына көшу;

-оқушыларға жүктемені азайту жөніндегі сарапшылар ұсыныстарының қабылдануы;

оқу аптасының ұзақтығын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкестендіру.

«Егер әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, ОЭСР елдерінде оқу жылы – 40 апта. Осыған орай әлем оқушылары жазғы каникулда 77 күн ғана демалса, еліміздің оқушылары үшін 13 апта немесе 90 күн демалыс белгіленген», – деді министр.

Анықтама үшін: Канадада оқу жылы 37 апта, Англия, Финляндия, Оңтүстік Корея және Норвегияда – 38 апта, Италияда – 39 және Германияда – 40 апта. Финляндия мен Швецияда жазғы демалыс –11 апта; Қытай, Оңтүстік Корея, Франция – 9 апта, Германия, Жапония, Англия, Нидерланды – 7 апта.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз