1535967227  avg1187

1000-ға жуық атыраулық оқушы ІТ саласында тегін білім алды

Білім Жаңалықтар

Atr. kz / 14 – ақпан. Атырауда 1000-ға жуық оқушы ІТ саласында тегін білім алды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев саяси ұйымның кезектен тыс конференциясында мәлімдеді.

1535967227  avg1187

«Нұр Отан» партиясының бастамашыл жобалары аясында 12 IT-сынып ашылды. 1 IT-орталықта 150 маман даярланды» деді спикер.

«Нұр Отан» партиясы «Оқушылар үшін тегін IT-сыныптар», «IT-орталықтар ашу», «Бірыңғай ұлттық геоақпараттық онлайн-сервис құру», «Дәстүрлі кітапханаларды заманауи білім орталықтарына айналдыру» сынды бірнеше жобаларды іске қосып, нәтижесінде аудан, ауылдық елдімекен оқушыларына жаңаша жағдай жасалған болатын.

Айта кетелік, дәл қазіргі уақытта Атырауда «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтуде. Аймақ басшысы, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Ноғаевтың төрағалық етуімен өтіп жатқан жиында саяси ұйым жұмыстары саралануда.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған