Министр Атыраудағы университеттерді аралады
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Атырау облысына жұмыс сапары жоғары оқу орындарында жалғасты.
Министр алдымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде болып, аймақтағы байырғы жоғары білім ордасының тарихымен, бүгінгі тыныс-тіршілігімен, оның өміріндегі жағымды жаңалықтармен танысты.
Келесі кезекте ведомоство басшысы еліміздегі мұнай-газ саласының білікті мамандарын дайындайтын бірден-бір оқу орны С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіне келді.
Аталған жоғары оқу орнының жанынан ашылған Н.Балғымбаев атындағы коммуникациялық дамыту және М.Асаубаева есімін еншілеген креатив орталықтарында болды. Осында уақыт талабына үндестірілген жоғары білімнің заманауи әдіс-тәсілдерін негізделген білім беру үрдісімен, өндіріске енгізілген ғылым жаңалықтарымен, басқа да жетістіктермен егжей-тегжейлі танысты.
Университтің бүгінгі таңдағы табыстары мен болашақтағы жоба-жоспарлары жайында ректор-басқарма төрағасы Гүлзада Шакуликова баяндады.
Дәулетқали АРУЕВ
Суреттерді түсірген автор