Жарнама
Білім

Менің ұстаздарым

​Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Олардың біздің өмірімізде алар орыны ерекше. Мектепті тамамдап үлкен өмірге қадам бастым. 

​Өңірдегі іргелі оқу орны саналатын Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің журналистка факультетіне оқуға түстім. Сол сәтте мені журналистика кафедрасының меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Республика Журналистер одағының лауреаты, Халықаралық Еуразиялық телевизия және радио академиясының академигі Мәншүк Тынышқалиқызы жылы шыраймен  қабылдады. Өте білімді, жан-жақты ұстазымды көріп жоғары оқу орнын сәтті таңдағаныма тағы да көзім жетті. Кейін бар жақсылығын аямайтын кураторым Гүлсара Жоламанқызымен таныстым. 

img 2878

​Білім ордасында алғашқы күннен-ақ сабақтар қызықты өте бастады. Мамандыққа деген махаббатым күннен күнге ашылып, ынтам артты. Әрине оның барлығы магистр, аға оқытушы Меруерт Ахонова, аға оқытушы Ләззат Мәжитова, магистр, аға оқытушы Гүлнар Исмурзина, гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы Гүлбарам Құрақ, Гүлжан Жаманбайқызы, Жәнібек Қалым, Азамат Қуатұлы сынды өз істерінің хас шеберлері, аяулы ұстаздардың арқасы деп білемін. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артық етпейді.

​Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады.  Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілеймін.

Әділхан НҰРСҰЛТАНОВ

Халел Досмұхамедов атындағы 

Атырау университеті журналистика 

мамандығының III курс студенті

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button