«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНДА – ЖАҢА БАСШЫ

screenshot 20220827 192909 Білім

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57  бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату» қағидаларына сәйкес, 2022 жылдың тамыз айының 26-нан бастап «Атырау облысы Білім беру басқармасының «Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып Құралбаев Қуаныш Нұрланұлы тағайындалды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оны ұжымға Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының  уақытша міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова таныстырды.

Қуаныш Нұрланұлы еңбек жолын Алматы облысы Есік қаласындағы А.Мәлкеев атындағы қазақ-түрік мектеп-лицей-интернатында тәрбиеші қызметінен бастаған. Кейін Алматы қаласындағы мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернатында, Шымкент қаласындағы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатында, Шымкент қаласы дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатында математика пәні мұғалімі және директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. Тағайындалғанға дейін Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация лицей-интернатының директоры лауазымын атқарды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз