Жарнама
БілімФОТОГАЛЕРЕЯ

«Менің роботым — менің досым» (+ФОТО)

Жуырда Атырау қаласындағы ХББ НЗМ-де өткен робототехника сайысының облыстық кезеңі осылай аталды.

Басты мақсат — роботтардың адамдарға қалай көмектесе алатындығын таразыға салу. Робототехника мен жасанды интеллекттің үйлесімі әлемді, әсіресе, адамдардың өмір сүру ортасын өзгерте алады.

Робот пен адамның өзара әрекетін қалай пайдалы және қауіпсіз ете аламыз? Сайысқа қатысқан 15-ке жуық команда күнделікті өмірде бізге қамқорлық жасайтын, құтқаратын немесе қызмет көрсететін роботтарды құрастыруды меже тұтты.

Жұмыстары озық деп танылған 3 құрам маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін келесі кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздар қатарында Атырау қаласындағы ХББ НЗМ оқушылары Рауан Мейрамұлы мен Абылай Амангелдіұлынан құралған топ пен Silkway мектебі, Білім-инновациялық лицейінің командалары бар. Барлық қатысушыларға — алғыс, ал жас ғалымдардың болашағына – даңғыл жол тілейміз!

Орынгул Махмуд, баспасөз өкілі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button