АТЫРАУДА НЕ БОП ЖАТЫР? (+фото)

oolrolr Қоғам
img 20220901 wa01121 2
img 20220901 wa0114 2
img 20220901 wa0112 2

«Шеврон Мунай Газ ИНК» ЖШС нысан аумағында өрт-тактикалық  жаттығу өтті.

2022 жылдың 31 тамыз күні  «Шеврон Мунай Газ ИНК» ЖШС нысанында «Өндіріс орындарындағы өртті сөндіру» тақырыбы бойынша оқу-жаттығу өтті.

Жаттығудың басты мақсаты ескерту тізбесін іс жүзінде тексеру, өрт сөндіру кезіндегі жауынгерлік дайындықты бақылау, гарнизон ӨСБ арасында және арнайы қызметтермен өзара қимылдарды пысықтау болды.

Өрт-тактикалық жаттығуды өткізу барысында күштері мен құралдарының және ерікті өрт сөндіру жасақтарының бірлескен іс-әрекеттері пысықталды. Барлық қатысушылар жауынгерлік жағдайға барынша шартты жұмыс жасады. Өрт сөндірушілер нысан сызбасымен, техникалардың жүру жолдарымен егжей тегжейлі танысты.

Өрт тактикалық жаттығуға барлығы Атырау  облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 25 қызметкер, 6 техника, «АТМА-Аэропорт» 4 қызметкер, 1 бірлік техника, «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС 4 қызметкер 1 бірлік техника, полиция қызметкерлері және жедел-жәрдем қызметкерлері қатысты.
Барлық міндеттер мен мақсаттар орындалды. «Шеврон Мунай Газ ИНК» ЖШС жұмыскерлерінің өрт орын алған жағдайдағы іс-әрекеттеріне аса назар аударылды.

«Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы»

img 20220901 wa01101
img 20220901 wa0111
img 20220901 wa0110
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз