Жарнама
Білім

Мектептің дамуы — сапалы білімнің кепілі

Былтыр мектептердегі материалдық-техникалық базаны жаңарту аясында қос IT, тоғыз STEM, екі робототехника кабинеті және мыңдаған интерактивті панель сатып алынды. Панельдер 7 аудан мен облыс орталығында орналасқан білім беру ордаларына таратылды. Нәтижесінде мектептер мен колледждердегі интерактивті тақталардың саны 2 мыңға жуықтады. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Бектас Сайполла мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

img 9174
Screenshot

Нақтырақ айтқанда, интерактивті панельдердің 500 данасы Атырау қаласындағы мектептерге тиесілі болса, 45-і Индер ауданына жіберілді. Ал Исатай мен Махамбет аудандарына 60 данадан таратылды. Құрманғазы ауданына 57, Қызылқоғаға 56, Жылыойға 50, Мақатқа 39-ы табысталды. Ал облыстық гимназия мен лицейлерде 83-і, қалған 50-і кәсіби техникалық білім беру ұйымдарында жұмыс істейді. Нәтижесінде Индер, Махамбет аудандарындағы және облыстық гимназия мен лицейлердегі интерактивті панель тапшылығы мәселесі толықтай шешіледі.

-Өткен жылы облыстық білім беру басқармасына қарасты 200-ге жуық кітапхананың 18-іне жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Кітапханаларға ноутбуктер мен компьютерлер, сканерлер мен принтерлер алынды. Сонымен қатар 19-ы Starling жүйесіне қосылған. Қалған мектептерді талшықты-оптикалық байланыс жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде, — деді Б.Сайполла.

Айта кетейік, өңірдегі білім беру ұйымдарының барлығы 100% бейнебақылау камералары және турникеттермен, 96% лицензияланған күзетпен қамтамасыз етілген. 70.7% мекеме жедел басқару орталығына қосылған.

№46 мектептегі физика пәнінің мұғалімі Алмагүл Упишеваның айтуынша, оқушылардың материалдық-техникалық базасы жаңартылған мектепте білім алуы олардың болашақтарына тікелей ықпал етеді. «Теориялық білімін практикамен ұштастырып, тақырыпты жақсы түсінеді. ЖОО-ға барғанда да түрлі құрал-сайманның атауын біліп, қолдана алады. Бұның барлығы олардың болашағына, сапалы білім алуына үлкен мүмкіндік» деді ол.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button