Мақаттағы мектепке жапсарлас ғимарат салу үшін 600 миллионға жуық қаражат қажет

img 20210128 wa0040 Жаңалықтар

Бұл туралы Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкин өзінің «Мақат ауданының 2020 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы атқарылатын міндеттер туралы» баяндамасында айтты.

– Мақат кентіндегі №2 бастауыш мектебіне 250 орындық жапсарлас ғимаратын салу өзекті мәселенің бірі. Себебі бүгінгі күні мектептің асханасы мен спортзалы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес емес. Жоба құны –  583 млн 542 мың теңге, – деді аудан басшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз