Жарнама
БілімСарапTime

«MEKTEP-ONLINE» – оқушыға мол мүмкіндік

І-ХІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША MEKTEP-ONLINE.KZ САЙТЫ МЕН YOUTUBE АРНАСЫНАН ЕКІ ТІЛДЕ ТЕГІН ӘРІ САПАЛЫ ЖАҢА БЕЙНЕСАБАҚТАРДЫ ОҚИ АЛАДЫ. ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ОНЛАЙН[1]РЕПЕТИТОР БҮГІНГЕ ДЕЙІН 20-ҒА ЖУЫҚ АЛЫС ШЕТЕЛГЕ ТАРАЛЫП, 26 МИЛЛИОНАН АСТАМ ҚАРАЛЫМ ЖИНАҒАН. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРДЫҢ АЙТУЫНША, МҰНДАЙ БЕЙНЕСАБАҚ АҚЫЛЫ РЕПЕТИТОРЛАРҒА ЛАЙЫҚТЫ БАЛАМА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Mektep-online – кіші, орта және жоғары мектеп бағдарламасына арналған 4 мыңға жуық бейнесабақ жинақталған сайт. Оның ішінде, математика, химия, биология, физика атты youtube каналдарын табуға болады. Биыл қыркүйек айында олардың қатары І-IV сыныпқа арналған қазақша ойынмен және білімді ұштастыратын Armankids атты мәтінмен толыққан. Қазақстанда білім сапасының төмендеуі, яғни балалардың сауаттылық деңгейі өзекті мәселеге айналғаны рас. Қазір еліміз оқушылардың білімін бағалау бойынша халықаралық рейтингте төменгі орындардың бірінде. Мәселен, 2019 жылдың соңында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) үш жылда бір рет өткізетін PISA 2018 халықаралық зерттеуінің нәтижелері бойынша 77 елдің ішінде қазақстандық оқушылар 69-ншы орынды иеленген. Бүгінде барлық ата-ананың репетитор жалдауға мүмкіндігі бола бермейтіні және баланың бәріне бірдей сапалы білім алуына жағдай жасалмағаны белгілі. Сондықтан, осы онлайн жоба қолға алынған. Ең бастысы – бұл видеоконтенттер қажет деп санаған баланың бәріне қолжетімді. Ұстаздар күні қарсаңында Алматы қаласында «VECTOR Foundation» жеке қоры «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының қолдауымен mektep-online.kz білім беру платформасының таныстырылымы өтіп, оның бүгінгі қоғамға әкелер көмегі жөнінде кеңінен айтылған болатын.

– «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы денсаулық сақтау, білім беру және спорт салаларындағы балаларға арналған жобаларға ерекше назар аударып келеді. Қор көрсеткен қайырымдылық жалпы білім беретін мектептердің барлық сыныптары үшін екі тілде сапалы сабақтары бар мектеп[1]online сайтының қолжетімді болуына көмектесті, — деді «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева.

Осыдан үш жыл бұрын басталған мektep-online жобасы бүгінде 6 мыңнан аса видеосабақ жинақталған үлкен кітапханаға айналған. Бір қызығы, әрбір бейнероликке балалар ғана емес, ата-аналар мен мұғалімдер де белсенді түрде пікір қалдырған. Қаралымы мен пікір саны жағынан мектеп-online математика арнасы көш басында тұр.

– Математикадан беретін сабағымды балаға да, үлкенге де түсінікті етіп жеткізуге тырысамын. Ә р с а б а қ т ы ң т ү с і р і л і м і н е дайындалғанда оларға қиындық т у ғ ы з а т ы н д ү н и е л е р д і ң а л д ы н алуға барымды саламын. Кейде әдеттегі беріп жүрген сабақ кейбір оқушыларға түсініксіз болуы, тіпті кейбір шалғай аймақтарда бұл пәннің мұғалімі мүлдем болмауы да мүмкін. Ондайда онлайн сабақтың пайдасы көп. Барлық мұғалім оқытудың бір жүйесіне үйреніп алғанбыз, содан алыстай алмаймыз. Бізге осы стандарттан шығу керек. Себебі, у а қ ы т б і р о р ы н д а е м е с . Қ а з і р балалардың санасы, дүниетанымы мен көзқарасы өзгерді. Сондықтан, мұғалім әрқашан ізденісте болғаны жөн. Осы жобаға үлес қосқаныма өзім қуаныштымын. Платформадағы пікірлерді оқып, жұмысымның маңызы қаншалықты екендігін түсінемін. Біріншіден, аталған платформа арқылы бала өзіне қолайлы уақытта сабағын қайталап, есепті шешудің түрлі нұсқасын көреді. Екіншіден, жас мұғалімдер сабаққа дайындалу кезінде материал ретінде пайдаланса, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері өз білімін жетілдіре алады, — дейді мектеп-оnline оқытушысы, «ICT Information and Communication Technology» атты ағылшын тіліндегі информатика оқулығының бірлескен авторы Эльмира Рафикова.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button