Атыраулық Әнуар Сариев 540 ұпаймен әлем бойынша үшінші орында

GmWwb6CYEnY Жаңалықтар

Жуырда парадзюдошылардың (IBSA) Халықаралық рейтингі жарияланды.

GmWwb6CYEnY

60 келі салмақта Рио Паралимпиада ойындарының қатысушысы, жерлесіміз атыраулық Әнуар Сариев үшінші орында келеді. Рейтингке спортшылардың 2015-2017 жылдар аралығындағы ірі Халықаралық турнирлердегі жетістіктері іріктеліп алынған. Отандасымыз Ануар Сариевтің еншісінде 540 ұпай бар.

2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Гран-при сайысында Әнуар қола медаль еншілеген болатын. Бұл жетістік 60 ұпаймен бағаланған. Корея мен Венгрия елдеріндегі сәтті нәтижелер Ануардың рейтинг басына көтерілуіне ықпал жасаған.

Айта кетейік, бірінші орында Өзбекстандық Намозов Шерзот (930) және екінші орында Жапониялық Херосе Макото (860) келеді.

Абай АҚМҰРЗИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз