Жарнама
Білім

Кұлсары қаласының тұрғыны ерекше балаларға арналған оңалту орталығын ашты

Айгүл Төленғалиева – он жылын бала тәрбиесіне арнаған ана. 2021 жылы оның ерекше қажеттіліктері бар сәбиі дүниеге келді. Кұлсары қаласында қажетті жағдайлар мен мамандар болмағандықтан, Айгүл өз бетінше оқып, тәжірибе жинай бастады.

Бәрі отбасынан басталды…

Айгүл – үш баланың анасы. Ол он жыл бойы бала тәрбиесімен айналысып, декреттік демалыста болды. 2021 жылы оның өмірі түбегейлі өзгерді – ерекше баласы дүниеге келді. Қалада баланың дамуына қолайлы жағдайлар болмады — ни арнайы залдар, ни мамандар.

— Алғашында тек өзім баламен айналыса бастадым. Курстарға қатыстым, түрлі әдістемелерді үйрендім. Бірақ тез түсіндім: үй жағдайы жеткіліксіз екен. Бізге арнайы зал қажет болды, — дейді Айгүл.

Шешімі — барлығын өз қолына алу

Атырауға көшу бір шешім секілді көрінді. Алайда, ол жақтағы оңалту орталықтарында да орын болған жоқ — кезектер ұзын, мамандар жетіспейді, бағдарламалар шамадан тыс жүктелген. Сол кезде Айгүл мен жолдасы Кұлсарыда бос тұрған бір ғимаратты байқады — және тәуекел етті. Осылайша Айгүл нөлден бастап орталықтың негізін қалады.

«ТАНДАУ» жобасы – серпіліс кезеңі

Бұрылыс кезеңі – «ТАНДАУ» жобасының үшінші легі болды. Бұл — Жылыой ауданында кәсіп ашқысы келетін тұрғындарға қолдау көрсететін бастама. Айгүл жүктілігінің соңғы айында болса да, жоба аясындағы бірде-бір сабақты жібермеді.

— Бұрын мүлдем білмеген нәрселерді үйрендім: бизнес-жоспар жасау, бюджет есептеу, қаржылық есеп жүргізу. Бұл нағыз кәсіпкерлік мектебі болды, — дейді ол.

Жолдасының қолдауы мен өзіне деген сенім Айгүлге жобаны соңына дейін аяқтап, жеңіске жетуге көмектесті. Осылайша орталықты ашуға қаржылық негіз қалыптасты.

Бүгінде орталық 15 балаға көмек көрсетіп отыр

Айгүлдің орталығына қазір ерекше қажеттіліктері бар 15 бала келеді. Ол балалармен өзі жеке жұмыс істейді, көмекшілерді оқытады, Астаналық мамандармен тәжірибе алмасып, өзі де білімін жалғастыруда. Қазіргі таңда Айгүл — Жылыой ауданындағы сенсомоторлық интеграция бойынша жетекші маман.

— Бізде алғашқы нәтижелер, жетістіктер мен ата-аналардың алғыс хаттары бар. Бірақ мен мұнымен тоқтап қалмаймын. Шетелде білім алып, Кұлсарыға жаңа білім мен әдістемелерді әкелгім келеді, — дейді ол.

«ТАНДАУ» жобасы туралы

«ТАНДАУ» жобасы Атырау облысының Жылыой ауданында жүзеге асырылуда. Жоба қатысушыларына кәсіпкерлік бойынша білім беріп қана қоймай, бизнесті дамытуға немесе кеңейтуге пайызсыз қайтарымды қарыз алуға мүмкіндік береді. «ТАНДАУ» жобасын Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Теңізшевройл» ЖШС-нің қолдауымен іске асыруда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button