Жарнама
Білім

Келер жылы Сағыз ауылына жайлы мектеп салынады

Қызылқоға ауданының Сағыз ауылына 600 орындық жайлы мектеп салынбақ. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сағыз ауылы 8300 халқы бар, Қызылқоға ауданындағы ең үлкен округ. Тоғыз жолдың торабында орналасқан бұл округте халықтың саны жылдан-жылға өсіп, ондағы үш орта  мектептің өзі балаларға білім беруде тарлық етуде. Осы тұрғыда ауылдан 600 орындық мектеп салу 2024-2025 жылдарға жоспарланған.

-Мектеп тарлығын ауыл тұрғындары облыс, аудан басшыларының халықпен кездесулерінде жиі көтеріп келеді. Бұқараның тілегін орындауды басты міндет санаған аудан басшыларының ұсынысына сай, облыс әкімі Серік Шәпкенов жақында Сағыз ауылының тұрғындарымен кездесуінде сапалы білім мен тәрбие беру мақсатында Сағыз ауылынан жаңа мектеп салынатынын мәлімдеген болатын. Енді аталған мектеп құрылысы «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша «Самырұқ-Қазына» қоры арқылы салынбақшы,- деді аудандық құрылыс, сәулет, және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дулат Нығметов. 

Оның айтуынша, қазіргі кезде жер телімі бөлініп, бастапқы құжаттары әзірленген. Ал жобалау жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button