Жарнама
Білім

Биыл дәстүрлі тамыз кеңесі жаңа форматта өтеді

24-25 тамыз аралығында елдің 20 өңірі бойынша білім қызметкерлерінің республикалық «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты тамыз кеңесі басталады. Бұл туралы Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысы Ерлан Сламбеков баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

— Осы жылы республикалық тамыз кеңесі алғаш рет жаңа форматта өтеді. Барлық 20 өңір тақырыптық бағыттарға бөлінді. Кеңесте педагог-тәжірибешілер, сарапшылар, білім және психология саласының мамандары өз тәжірибелерімен бөліседі, — деді Е.Сламбеков.

24 тамызда облысымызда «Балалар үшін — қауіпсіз орта» тақырыбында секциялық отырыстар өтсе, 25 тамызда онлайн режимде қосылатын 20 өңірдің қатысуымен Бірыңғай республикалық пленарлық отырыс өтеді. Оған білім беру жүйесінің 12 мың қызметкері қатысады. Біздің облысымызға өзге өңірлерден 100 педагог келеді деп күтілуде. 

Форумның пленарлық отырыстары министрліктің, білім басқармаларының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың Facebook, Instagram және YouTube желілеріндегі парақшаларында көрсетіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button