ҚАРТЫ БАРДЫҢ – ҚАЗЫНАСЫ БАР

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалының өкілдері қайырымдылық айлығына орай зейнеткер ұстаз Конова Тамара Александровнаны мерекемен құттықтап, үйіне арнайы барды.

 

Бүгінде 86 жасқа қараған Тамара Конова ұзақ жыл ұстаз болып еңбек етті. Алматыдан 1954 жылы жоғары білімді мұғалім болып  туған жерге оралыпты. Содан бері  60 жыл бойы жас ұрпақ тәрбиесіне атсалысқан екен. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі атанған ол 2011 жылға дейін жаны сүйетін мамандығын тастамаған көрінеді.

Облыстық білім беру басқармасы да ардагер ұстазды ұмыт қалдырып көрген емес. Мерекелерден қалдырмай, алғыс, марапатын жолдап отырады. Сонымен қатар, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау филиалы зейнет демалысындағы ұстаздар Жадыра Шұғайыпова, Жәния Жақсылыққызы, Сәлімгерей Қарабаев, Лидия Кузеняткина, тыл ардагері Рафила Мұхамедьярованы құттықтауды да жоспарларына енгізіп қойыпты.

Гүлзада РАХМЕТҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз