Жарнама
Білім

«Jer ECO Hub» жобасының финалында жастар эко-бастамалары грант иегері атанды

29 маусым, Атырау – Атырау облысында экологиялық мәдениетті дамыту мен жастардың әлеуметтік бастамаларын қолдауға бағытталған «Jer ECO Hub» жобасының бірінші легінің финалы өтіп,қорытындысы шығарылды.

Жобаға қатысу үшін 25 команда тіркеліп, олардың ішінде 7 команда қазылар алқасына өз жобаларын қорғады. Эко-хакатон барысында әр команда болашақ эко-жобасының бағыты мен идеясын айқындады.

Бір ай көлемінде қатысушылар төрт негізгі бағыт бойынша оқудан өтті: әлеуметтік жобаны жасау: идеядан жүзеге асыруға дейін, шешендік өнер,қаржылық сауаттылық және заманауи маркетинг құралдары.

Оқу аяқталғаннан кейін әр командаға әлеуметтік жобалар саласындағы сарапшы-ментор тағайындалды. Менторлармен бірлесіп, қатысушылар өз идеяларын толыққанды жобаларға айналдырды.

Финал кезінде командалар өз бастамаларын сараптамалық комиссия алдында қорғады. Ең жоғары балл жинаған үш команда жеңімпаз атанып, 1 000 000 теңге көлеміндегі грантқа ие болды. Алдағы екі ай ішінде олар менторлардың әдістемелік және сараптамалық қолдауымен өз жобаларын жүзеге асыратын болады.

– Жобамыздың бірінші легі сәтті аяқталды. Біздің жастардың белсенді, саналы және шығармашыл екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Ұсынылған идеялар мазмұнды және әлеуметтік тұрғыдан маңызды болды. Жобалар сәтті жүзеге асады деп сенеміз. Ал финалға өте алмаған қатысушыларға айтатыным: үміт үзбеңіздер, біз сіздерді қыркүйекте басталатын жобаның екінші легінде күтеміз, – деді жоба менеджері Әсел Ғұмарова.

Айта кетейік, күзде жобаның екінші легі басталады. «Jer ECO Hub» жобасы «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының бастамасымен және «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button