Жарнама
Білім

ИСПАНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ UTEBAYEV UNIVERSITY-ГЕ КЕЛДІ

Испанияның Қазақстандағы Елшісі Луис Франсиско Мартинес Атырауға сапарында UTEBAYEV UNIVERSITY-ге келді. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту, университеттің халықаралық бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері және әлемдік білім кеңістігінде тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Бұл туралы аталған оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

9d14a681 9780 4f5a 96eb 3532e2d2a9d1 1

Елші Луис Франсиско Мартинес UTEBAYEV UNIVERSITY-дің халықаралық деңгейде білім беру сапасын арттыру жолындағы стратегиялық жоспарын жоғары бағалап, осы бағытта қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді. Келісім аясында атыраулық студенттер алдағы уақытта Испанияның үздік жоғары оқу орындарында академиялық алмасу бағдарламасымен білім алып, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларына қатысады.
Кездесу барысында сөз болған тағы бір маңызды тақырып — ғылыми зерттеулер мен заманауи технологиялар саласындағы ынтымақтастық. Луис Франсиско Мартинес өз кезегінде Испанияның ғылыми қоғамдастығымен бірлесіп, университеттің технологиялық инновациялар мен жоғары сапалы зерттеулер бағытында озық шешімдер іздеуге деген ұмтылысын қолдайтынын мәлімдеді.
Елшімен бірге Technicas Reunidas компаниясының Қазақстандағы филиалының еларалық менеджері Оскар Ломбера Вилота мырза да болды. Олар кеше Атыраудағы Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі аумағында орналасқан Silleno зауытының алғашқы кірпішін қалау рәсіміне қатысқан болатын. Бұл зауыттың құрылысы Атырау аймағындағы өнеркәсіптік даму мен жаңа технологиялардың енгізілуіне ықпал етіп, университет пен Technicas Reunidas компаниясы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүмкіндік береді.
-Бұл кездесу университетіміздің студенттері үшін өте маңызды. Халықаралық білім алмасу, шетелдік тәжірибе мен жаңа технологиялармен танысу жолындағы жаңа мүмкіндіктер ашылады. Студенттеріміз, оқытушыларымыз және ғылыми қызметкерлеріміз үшін бірлескен жобалар мен тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз, — деп атап өтті UTEBAYEV UNIVERSITY ректоры Гүлзада Шакуликова.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button