Инклюзивті білім беру жүйесін цифрландыру талқыланды
Бүгінде инклюзивті білім беру мәселесі ең өзекті тақырыпқа айналды. Әрбір ерекше күтімді қажет ететін баланың ата-анасы баласының қоғамнан тыс қалғанын қаламайды. Әсіресе олардың мектеп табалдырығын аттап, қатарымен тең білім алуын құп көреді. Осы тұрғыда білімнің қолжетімді болуын қaмтaмaсыз ететін aлғышaрт – инклюзивті ортa болмақ. Еліміздің білім беру жүйесі инклюзивті білім беру қағидаларына бет бұрды.
Ал өңірдегі білім ұйымдары арнайы қажеттілікті талап ететін балаларға инклюзивті білім беруге қаншалықты дайын? Осы және өзге де сұрақтар Тамыз мәслихаты аясында облыстық білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Н.Балғымбаев атындағы №42 жалпы білім беретін мектепте өткен жиында жан-жақты талқыланды.
Жүздеген ұстаз бас қосқан шара «Арнайы және инклюзивті білім беру саласында заманауи үрдістер мен цифрлық технологияларды қолдану» деп аталды. Дәстүрлі жиында инклюзивті білім беру саласындағы атқарылған жұмыстарға талдау жасалып, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары пысықталды.
Іс-шарада арнайы білім беру ұйымдарының басшылары және инклюзивті білім беру жағайында жалпы білім беретін мектептердің арнайы педагогтері, педагог-ассисенттері және әлеуметтік педагогтер бас қосты.
Алқалы жиынның ашылу рәсімінде облыстық білім беру басқармасының инклюзивті және арнайы білім беру бөлімінің жетекші маманы, іс-шара модераторы Қадіржан Сапаров сөз сөйлеп, «ҚР инклюзивті білім беруді дaмыту тұжырымдaмaсы» сынды құқықтық-нормaтивті құжaттaр aрқылы міндеттелген инклюзивті білім беру үрдісі педaгогтaрдың кәсіби іс-әрекетіне қойылaр тaлaптaрдың күшейетіндігін атап атап айтты.
– Бүгін өңірде педагогтардың тамыз кеңесі аясында секциялық отырыстар өтуде. Аталмыш іс-шара мұғалімдерді жұмысты цифрландыру бағытына бет бұрғызу үшін ұйымдастырылуда. Бүгінгі іс-шарада арнайы және инклюзивті білім беретін жалпы мектептерде, арнайы білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын педагогтерге тиісті мамандар өздерінің цифрландыру бағытындағы іс-тәжірибелерімен бөлісті. Аталмыш тақырып аясында қатысушы педагогтерге цифрлық автоматтандырылған жобалар кеңінен түсіндірілді. Мақсатымыз – мұғалімдер арасында цифрлық платформаларды кеңінен насихаттап, оларды пайдаланудың ұтымды жолдары туралы кеңінен түсіндіру. Аймақтағы ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-медициналық консультациядан өткізу, — деді Қадіржан Сапаров.
Содан соң секциялық жұмыстың бағдарламасына сай 6 спикер басты баяндамаларын қорғады. Облыстық №1 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының әдіскері Жұмағаным Науризова «Арнайы білім берудегі мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру» тақырыбында сөз қозғады. Мұнда ол үйден шықпай-ақ ПМПК-ға және басқа да арнайы білім беру ұйымдарына онлайн жазылудың қыр-сырын түсіндірді. Баяндамашылар инклюзивті оқыту жағдайында цифрлық технологияларды қолданудың тәжірибесімен бөлісті.
Тамыз конференциясының секциялық жұмысында белсенділік танытып, өз тәжірибесімен бөліскен спикерлерге облыстық білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының Алғыс хаты табысталды.
Жиын барысында Астана қаласында өткен «Жұлдызай» республикалық балалар өнер байқауында жүлделі І орын алған Әл-Фараби атындағы BINOM SCHOOL мектебінің оқушысы, «Алтын Жұматина» өнер мектебінің вокал мамандығының талантты шәкірті Нұрмұхаммед Досқали әннен шашу шашты. Содан соң инклюзивті және арнайы білім беруде бір мекемеде бірнеше жылдар абыройлы қызмет еткен, тәжірибесі мол педагогтер облыстық білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Ерекше білім қaжеттілігі бaр оқушылaрдың сaпaлы білім aлу құқықтaрының теңдігін тілге тиек еткен «Инклюзивті және арнайы білім» бөлімінің басшысы Гүлжанар Кубиева «Жаңа оқу жылындағы басшылыққа алатын нормативтік құқықтық құжаттардың өзгерістерімен таныстыру» тақырыбында ой өрбітті.
Дәстүрлі жиынның соңында қалалық білім бөлімі психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің әдіскері Қуаныш Зиманов «ҚАЗАҚША QUIZ» ұйымдастырды.
Жайна МӘЛІМҚОЖА