Атырауда орыстілді мұғалімдер жетіспейді

dsc 0185 Білім

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Жас маман  – 2018» шарасы өтті. Түлектерді еңбекке орналастыруға ықпал ету мақсатындағы жәрмеңкеге барлығы 130 мекеме өкілі қатысты.

dsc_0185

Студенттер жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасу арқылы қызметке орналасу шарттары туралы мағлұматтар алды. Айта кету керек, оқу орнын биыл 45 мамандық бойынша 1587 студент бітіреді. Оның 654-і – күндізгі бөлімде оқитындар.

Іс-шарада педагогикалық мамандықтар бойынша облыстық білім беру басқармасына қарасты қалалық, аудандық бөлімдер болды. 19 педагогикалық мамандық негізінде бітіретін түлектер саны – 249.

Аталған мамандарға  аймақтан 584 сұраныс жолданса, басым бөлігі орыс тілді кадрларды қажет етеді. Ал, біздің өңірде орыс тілді мұғалімдер тапшылығы бұрыннан өзекті.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз