Жарнама
Білім

Индерде алғаш рет оқыту-дамыту орталығы ашылды

Индер ауданында «Самға жүрегім» қоғамдық қорының қолдауымен «Академик КрохА» оқыту-дамыту орталығының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Индер ауданының баспасөз қызметі.

Аталған дамыту орталығында 3-12 жас аралығындағы ерекше балалар білім алады. Қазіргі таңда мұнда 6 маман және 1 менеджер тұрақты жұмыс істейді. Жалпы орталықта 50-ге жуық баланы қамтуға толық мүмкіндік қарастырылған.

Іс-шараға қатысқан аудан әкімі Дарын Шамұратов орталықтың аймақ үшін үлкен көмегі тиетінін атап өтті.

Ал «Самға жүрегім» қоғамдық қорының жетекшісі Эльвира Аралова қазіргі уақытта дамуында ақаулары бар балалардың саны артып отырғандықтан, оларды оқытып, әлеуметтік биімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету басты міндет екенін жеткізді.

Айта кетейік, ауданда ерекше білім алуды қажет ететін 102 бала болса, оның ішінде 83-нің мүгедектігі бар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button