Атыраулық ұстаздар республикалық тамыз конференциясына қатысты

img 20220822 wa0020 Білім

Бұл туралы облыстық әдістемелік орталықтың директоры Данагүл Баймашова мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласында «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында педагогтердің республикалық тамыз конференциясы өтті. Еліміздің әр өңірінен барған білім саласының мамандары өткен оқу жылын қорытындылады. Пленарлық отырысқа мұнайлы өңірден Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, облыстық Білім беру басқармасының мамандары мен ұстаздар қатысты.

  • – Тамыз конференциясы барысында өткен оқу жылы қорытындыланып, 2022-2023 жылға алға қойған мақсаттар нақтыланды. Оның ішінде сапалы білім беруді қамтамасыз ету жұмыстары талқыланды. Пленарлық отырыстан бөлек 4 бағыт бойынша секция жұмысы ұйымдастырылды. Білім беру ұйымдарын басқарудағы менеджмент мәселесі де көтерілді, деді облыстық әдістемелік орталықтың директоры Данагүл Баймашова.

Республикалық тамыз конференциясы аясында білікті ұстаздарға ҚР Премьер-Министрі орынбасарының құрмет грамотасы мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградалары табысталды. Кіші өнер академиясының мұғалімі, атыраулық Маусым Бекмұханова «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз