Жарнама
Білім

Халықаралық шәкіртақы табысталды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Қазақстан-Әзербайжан ынтымақтастығының белгісіне айналған тағы бір дәстүрлі іс-шара өтті. Бұл туралы университеттің қоғаммен байланыс бөлімінен хабарланды.
Ғылыми кеңес залында жоғары оқу орнының бір топ студентіне Әзербайжан Республикасының Тұңғыш Президенті Гейдар Алиев атындағы халықаралық стипендиясы салтанатты түрде тапсырылды.

Бауырлас әзербайжан халқының көшбасшысы Гейдар Алиев атаулы стипендия біздің университеттің үздік студенттеріне 2012 жылдан бастап дәстүрлі түрде тағайындалып келеді. Осы жылдар аралығында Қазақстан мен Әзербайжан елдері арасындағы білім мен ғылым саласындағы байланысты нығайту мақсатында бірқатар жұмыс жасалды. Атап айтқанда, Атырау университетінде ашылған Әзербайжанның тарихы мен мәдениетін зерттеу орталығы да осы байланысты нығайтуға өз үлесін қосып келеді.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті соңғы жылдары көршілес Әзербайжан Республикасымен байланысты нығайту мақсатында Баку мемлекеттік университеті, Әзербайжан сәулет және құрылыс университеті, Лянкаран мемлекеттік университеті, Сумгаит мемлекеттік университеті және басқа да жоғары оқу орындарымен әріптестік қарым-қатынас орнатты. Өзара байланыстың дамуында түркітілдес мемлекеттер арасындағы Орхун бағдарламасы да өз ықпалын тигізіп отыр.

— Жыл сайын Әзербайжан Республикасының Тұңғыш Президенті Гейдар Алиевтің туған күнінің қарсаңында тағайындалатын шәкіртақыны ресми тапсыру үшін университетке Әзербайжан Республикасы Бас консулдығының басшысы Маммадов Эльчин Башир оғлы  арнайы Атырауға келеді. Бүгінге дейін атаулы стипендияны университеттің 67 студенті иеленген екен. Айта кету керек, бұл шәкіртақы ең үздік студенттерге беріледі, — дейді Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма төрағасы-ректоры Саламат Идрисов.
Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button