Елордалық әріптестермен тәжірибе алмасты
Жуырда құрылған облыстық білім беру басқармасының балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталығының мамандары Астана қаласына барып, тәжірибе алмасып қайтты.
Орталық мамандары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбековамен өткен кездесу барысында саналы тәрбиеге арналған әлеуметтік жобалар жайын талқылады.
Астана қаласының «Әдістемелік орталығында» ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы Жібек Нұржанның қатысуымен өткен кездесу барысында да білім беру мекемелерінде педагогикалық- психологиялық қызметтің өзекті мәселелері талқыланып, мамандар өзара тәжірибелерімен бөлісті. Психологиялық-консультациялық көмек көрсету кабинетінің қызметімен де танысты.
№88 мектеп-лицейінде орналасқан психологиялық-консультациялық көмек көрсету кабинетін аралап, ата-аналармен және оқушылармен жүргізетін консультациялық және топтық жұмыс тәсілдерін көрді.
Мәлике МӘЛІК