ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – МЕКТЕПТЕН
Ал, қазақ мәдениетін, яғни ислам дінін оқытқанда мәдениет, мемлекетшілдік, ұлттық болмыс, мүдде тұрғысында оқыту керек. Білім беру саласындағы орта мектептерде 2009 жылдан бастап оқытылып келе жатқан аталмыш пән өзінің қажеттілігі мен оқушылардың діни санасын қалыптастырудағы тиімділігін дәлелдеп отыр. Әдетте мешіт имамдарымен, діни жұртшылық өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру жастардың діни сауаттылығын арттыру үшін пайдалы, дейтұрғанмен бұл қалыптасқан проблемаларды шешпейді. Жасөспірімдер үшін жүйелі түрде ұйымдастырылып, бағытталған білім беру ғана келеңсіз құбылыстардан аулақ болуға өз көмегін тигізері сөзсіз. Дінтану сабақтарында дәстүрлі діндердің шығу тарихымен қатар, оның қоғамдағы алатын орны, қызметіне талдау жасалынады. Өзара салыстыра отырып, олардың мәтіндік сипатын ашып, гуманистік миссиясын оқушыларға түсіндіруге күш саламыз. Бұл арадағы мақсат — көпжылдық тарихы бар әлемдік діндер мен әртүрлі мақсатпен құрылған діни секталар немесе жалған діндердің арасындағы айырмашылықты, сәйкессіздікті ашып көрсету. Соңғыларының қоғамға жат «діни түсінігі» мен іс-әрекетін әшкерелеу. 9-сыныпта аптасына бір рет өткізілетін сабақтың арқалайтын жүгі, атқаратын қызметі де шектеулі. Сол себепті бөлінген сағаттар санын көбейтіп, әсіресе, жоғары 10-11 сыныптар үшін бұл пән жүргізілсе нұр үстіне нұр болар еді.
Есен САМАТ,
Е.Халықов атындағы №7 орта мектептің жоғары санатты тарих және дінтану негіздері пәні мұғалімі,
Жылыой ауданы.