Атырауда «ABAY GYLYM FEST» фестивалі қорытындыланды

img 2309 Білім

Шараға қатысушылар Абай орталығында білім берудегі STEAM тәсілдері саласында ғылыми-танымдық дәрістерді, интерактивті сессиялар мен воркшоптарды, білім беру жобаларының көрмелерін тамашалады.

Фестивальде түрлі мақсатты аудиториялар, яғни, ата-аналар мен мектеп оқушылары, жасөспірімдер мен түлектер, SТЕАМ саласына қызығушылық танытып жүрген тәлімгерлер білім беру саласының мамандарына арналған 10 танымдық секция бойынша жұмыс істеді.  Ерекше атап өтерлігі,  шара қатысушылары «Integrity» қорының кәсіптік бағдарлау тестілерінен өтіп, «ITeachMe» ҚҚ-нан «Инклюзиядағы STEAM» саласы туралы біліп, YEMAA көпсалалы мәдениет орталығы ұйымдастырған көрмені тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

img 2312

– Біз қаланың ынталы және шығармашылық тұрғындарының қауымдастығын қалыптастыру мүмкіндігіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз. Абай орталығы екі жыл ішінде STEAM инновациялық бағдарламаларының орталығына, эксперименттер, идеялар мен батыл жаңалықтардың алаңына айналды. «Abay Gylym Fest» фестиваліне қатысушыларымыздың арасында болашақ талантты ғалымдар, музыканттар, мемлекет қайраткерлері мен мұғалімдер бар екеніне сенімдімін. Білім, ғылым және шығармашылық мерекесі Атырау өмірінің тұрақты бөлігіне айналады деп сенеміз, – деді «Шеврон» компанияларының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Лейла Айтмұханова.

abaj g 2

Фестиваль аясында  «KazRobotics» федерациясының ұйымдастыруымен оқушылар, студент жастар және педагогтарға арналған жарыстар өтті.

abaj g

Сонымен қатар, іс-шара қонақтары JasSpace Students STEAM Project Challenge және JASSPACE Educators STEAM Project Challenge бағдарламалары шеңберінде жоғары сынып оқушылары мен педагогтардың инновациялық жобаларымен танысты.

img 2310

Фестиваль аясында оқушылар 40-тан астам жобаны келушілер назарына ұсынып, таныстырды. Олардың ішінде 20-дан астам жоба JasSpace зертханасы аясында жасалған. Мәселен, тренер Әсел Ондашеваның жетекшілігімен «Химия» курсының оқушылары Адия  Еңсепова мен  Әйгерім Әбуханова тез және зиянсыз ыдырайтын қайта пайдалануға болатын бахилдарды ұсынса, JasSpace  курстарының қатысушысы Асылым Ізғали пластикалық бөтелкелерді қолдану арқылы жасалған тасжол жобасын таныстырды. Бұл шетелдің тәжірибелерінен алынған пластикалық заттарды қайта өңдеп, оларға «екінші өмір» сыйлауда және  шұрқ-тесік жолдарды жөндеуде таптырмас мүмкіндік екен. Сонымен қатар, Азамат Тельманұлы мен Дарын Тілекқабылдың рельефтік  сызықтардан жасақталған музыкалық дыбыстар шығаратын жол жобасы тасжолдағы автокөліктердің  қауіпсіздігі үшін аса маңыздылығымен ерекшеленді.

«ABAY GYLYM FEST»-ке келушілер білім беру саласындағы тәжірибелі сарапшылармен және пікір көшбасшыларымен кездесе алды. Сонымен, «Дәстүр» фильмінің режиссері Қуаныш Бейсек, қазақстандық Тик-ток жұлдызы Ұлан Үсенов, Пифагор мектебінің негізін қалаушы және халықаралық математиктердің жаттықтырушысы Асан Жолдасов және тағы басқа көрнекті спикерлер арнайы дәрістер оқыды.
Спикерлердің толық бағдарламасын фестивальдің веб-сайтынан көруге болады.


cc8c85b0 6fc3 4f06 bec5 3845921512db

«Біз ABAY GYLYM FEST «JasSpace» жобасының жарқын және қорытынды іс-шарасына айналғанына қуаныштымыз. Жобамыздың аясында 2,5 мыңнан астам жасөспірім 16 STEAM бағдарламасы аясында тегін курстарда оқып шықты, ал 4,5 мыңға жуық оқушы шеберлік сабақтарына, жазғы қарқынды курстарға, түрлі байқауларға қатысты. Біз жергілікті «JasSpace» командасының күш- жігері бүкіл Атырау облысының білім беру саласын жетілдіре түсуге үлкен серпін береді деп сенеміз», – деді Орталық Азияның Еуразия қоры жоба менеджері Салтанат Ноғайбаланова.

abaj 5

Айта кету керек, «JasSpace» бағдарламасы Атырау облысының әкімдігі, «Шеврон» компаниясы, Атырау облысының білім беру басқармасы және Орталық Азияның Еуразия Қоры арасында қол қойылған меморандум негізінде жүзеге асырылуда. Бір жарым жыл ішінде JasSpace базасында 20 жергілікті қызметкерден тұратын команда құрылып, оқыту курстарынан өтті, 7-11 сынып оқушыларына арналған 16 білім беру бағдарламасы әзірленді. Ендігі уақытта Атырауда негізі қаланған  STEAM бағдарламаларын мектептерге толық енгізу мүмкіндігі қарастырылса нұр үстіне нұр болар еді.  Қазірдің өзінде облыста 44 білім ордасында арнайы кабинеттер жасақталған. 

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз