Ағылшын тілінде тегін оқытады

  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және KATEV халықаралық қоғамдық қоры бірлесіп, елімізде тағы бір игі жобаны бастады. Республика бойынша өз қатарластарынан оза шауып, үздік болған 18250 оқушы, соның ішінде, Атырау облысынан 5-6 сыныптардың 500-ге жуық шәкірті қазақ-түрік лицейлерінде ақысыз түрде ағылшын тілінен жаздық курс сабақтарына қатысуға мүмкіндік алды.

   Жобаның басты мақсаты төменгі сынып оқушыларын келесі жылдан бастап жүзеге асқалы отырған үш тұғырлы тіл бағдарламасына даярлау болып табылады. Атырау қазақ-түрік лицейінде он күнге созылған жаздық курстың бірінші легі сәтті аяқталды. Білім жетілдіру курсында оқушылар 40 сағаттық оқу бағдарламасын игерді.

 – Сабақтарымызда әртүрлі көрнекі құралдарды пайдалана отырып, қызықты іс-шараларды қамтып, оқушыларды деңгейлеріне сәйкес ынталандыруды жөн көрдік. Енді курстың екінші ағымы басталмақ. Яғни, курс әлі жалғасады. Біз оқушыларға жаз бойы әртүрлі тапсырмалар мен материалдар беріп, дайындаймыз. Сонымен бірге, жаңа оқу жылының басында оқушыларға ақпараттық бағдарламалардың көмегімен онлайн жүйеде тағы да жетілдіру сабақтарын өткіземіз. Бұған қоса, жаратылыстану бағытында сабақ беретін мектеп мұғалімдеріне ағылшын тілінде дәріс беру методикасы бойынша сабақтар жүргізіледі, – дейді лицей директоры Исмаил Эльма.

А.ЕРТІЛЕУ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз