Білім

DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ

Білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз мәслихаты бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған панельдік секция отырыстарының бірі осылай аталды.

Колледж директорлары мен орынбасарлары, сондай-ақ арнайы пән мұғалімдерінің қатысуымен өткен секциялық отырыста техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі цифрландырудың қазіргі заманғы басымдықтары басқосудың басты тақырыбына айналды. Атап айтқанда, цифрлық технологияларды қолдану, жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдалану. сапалы контент жасау шеберлігін шыңдау, әрбір білім алушының, педагогтың және тұтастай білім беру мекемесінің қажеттіліктері мен сұраныстарын ескере отырып, оқу процесін бүгінгі күн талабына сай жетілдіруге бағыттары талқыланды.

-Цифрлық трансфармацияға негізделген заманауи білімнің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, соның ішінде оқу жоспарлары мен оқыту әдістерін жаңа технологиялық жүйеге бейімдеу уақыт талабы. Ол үшін цирлық технологияларды интеграциялау қажет, дейді облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Роза Тілепбергенова.

Жоғары колледжінің жалпы білім беру мұғалімі Марат Әжіғалиев тарқатса, «Цифрлық білім беру ресурсы педагог құралы» жайында С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жаннат Кереева мен әріптесі арнайы пән оқытушысы Гүлназ Хайруллина сөз қозғады. Одан кейін «Оқыту үрдісіндегі интербелсенді әдістер (Neet платформасы, Modo интерактивті тақтасы, Plickers сабақты бағалау платформасы. Meet платформасы)», «Нейроцифрлық ұстаз: трендтегі технологиялар» тақырыптарында жоғарыда аталған С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушылары Мейрамгүл Тұқпатова, Эльмира Мұхамбетқалиева, директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Нұрлы Нұржанқызы тәжірибелерімен бөлісті. Секиялық отырысты «Жоғары техникалық колледждерге болашақ техник-технологтарды кәсіби тұрғыда даярлпуды цифрландыру» бағытындағы баяндамасымен қорытындылады.

Соңынан қатысушылардың тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, ұсынымдар қабылданды.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button