
Білім
Биыл студенттердің стипендиясы көбейеді
2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттерге төленетін стипендия мөлшері артады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.
Жаңа мөлшерлемелер бойынша бакалавриат студенттеріне – 52 372 теңге, педагогика және медицина мамандықтарының студенттеріне – 84 000 теңге, магистранттарға – 117 098 теңге,
докторанттарға – 262 500 теңге төленеді.
Сонымен қатар, емтихан сессиясын «өте жақсы» тапсырған студенттерге жоғары стипендия алу мүмкіндігі сақталады.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ
Сурет: freepik.com