Жарнама
Білім

Білім саласындағы ЖИ: жаңа мүмкіндіктер мен сын-қатерлер

Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуы адамзат өркениетінің барлық саласына өз ықпалын тигізуде. Білім беру жүйесі де жаңа талаптарға сай өзгеріп, болашақ мамандарды даярлауда жаңа тәсілдерді қажет етіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет. Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде дамытамыз десек, жұмысымызды жаңаша тәсілмен жүргізуіміз керек»,- деп атап өтті. Осы тақырыпты талқылау мақсатында UTEBAYEV UNIVERSITY-де «Жасанды интеллект және білім беру: жаңа мамандықтар мен құзыреттер» тақырыбында “дөңгелек үстел” өтті.

Академиялық сұрақтар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Нұркен Ахметов жасанды интеллекттің білім беру саласына әсері, артықшылықтары мен қауіп-қатерлері туралы маңызды мәселелерді атап өтті.

Ақпараттық технологиялар факультетінің профессоры Дарын Шабдиров «Математикалық модельдеуде жасанды интеллекті қолдану» тақырыбында баяндама жасап, ЖИ-дің күрделі есептерді шешудегі тиімділігі мен модельдеуде пайдалану тәжірибесімен бөлісті. Қазір жасанды интеллект арқылы математикалық есептерді нақты әрі жылдам шешу мүмкіндігі артып келеді.
“Дөңгелек үстелге” онлайн байланыс арқылы қатысқан Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушысы Маралбек Саматов желілік қауіпсіздіктегі ЖИ-дің рөлін ашып көрсетті. Ол ЖИ негізінде жасалған жүйелердің киберқауіптерді алдын ала болжауда маңызы зор екенін атап өтті.
Университет профессоры Балбөпе Өтенова «Өндірістегі жасанды интеллект: жаңа мүмкіндіктер мен инновациялар» атты баяндамасында өнеркәсіп пен өндіріс саласында ЖИ-дің енгізілуі еңбек өнімділігін арттырып, жаңа инновациялық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретінін айтты.
Сонымен қатар, университет оқытушылары Алмагүл Құбашева, Толғанай Мырзакелді, Нұрдәулет Қабдығалиевтер баяндама жасады.

Жиын аясында жасанды интеллекттің білім беру жүйесіне енуі, жаңа мамандықтардың пайда болуы, оқытушылар мен студенттердің ЖИ-мен тиімді және қауіпсіз жұмыс істеу қабілеттері сияқты өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Спикерлер баяндамалары арқылы ЖИ-дің тек техникалық салада емес, сонымен қатар білім беру, этика және құзыреттілік бағытында да терең ықпал ететінін көрсетті. Іс-шара нәтижесінде қатысушылар ЖИ-ге қатысты білімдерін тереңдетіп, жаңа кәсіби мүмкіндіктер туралы ақпарат алды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button