Қоқыс жинайтын робот жасады

Сетевой турнир по робототехнике 114 Білім

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде, робот құрастырудан аймақтық турнир ұйымдастырылды. Ондағы мақсат – құлтемір құрастырудан Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өтетін бүкіл әлемдік олимпиадаға қатысушыларды іріктеу.

%d1%81%d0%b5%d1%82%d0%b5%d0%b2%d0%be%d0%b9-%d1%82%d1%83%d1%80%d0%bd%d0%b8%d1%80-%d0%bf%d0%be-%d1%80%d0%be%d0%b1%d0%be%d1%82%d0%be%d1%82%d0%b5%d1%85%d0%bd%d0%b8%d0%ba%d0%b5-114

Қазіргі таңда дүниежүзілік робототехника Олимпиадасына қатысушы мемлекеттер саны өсіп келеді. Әлемнің ең жетекші елдері қатысатын доданың 12 жылдық тарихы бар. Жыл сайын жиырма мыңнан астам үміткерлерді өзіне іріктеп алатын Бүкіләлемдік Робототехника Олимпиадасының (World Robot Olympiad) жүлде қоры – ғылым мен білім қуған жандар үшін ең ауқымды сый саналады.

Ал, Атыраудағы аймақтық робототехника сайысына келер болсақ, аталған білімділер байқауы биыл алғаш рет облыстық деңгейде өтіп отыр. Өкінішке орай, өңірдегі орта білім беру мекемелерінде робот құрастыру әзірге баяу енгізіліп келе жатқандықтан, бұл сайысқа тек екі команда ғана қатысты. Олар – Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Қазақ-түрік лицейінің оқушылары. Турнир шарты бойынша, командалар берілген уақытта белгіленген роботтарды құрастыру, оларға алгоритмдік жүйені енгізу және әртүрлі әрекеттерді орындау сияқты тапсырмаларды жүзеге асырудан сынға түсті. Төрт жұпқа бөлінген оқушылар өз роботтарының сайыста жеңіске жетуі үшін бар күштерін жұмсады. Өйткені, құлтемірдің нәтижелі өнер көрсетуі – оқушының біліміне байланысты. Қазылар  алқасы қатысушылардың білімі мен тапсырмаларды орындау көрсеткішін роботтардың атқарған жұмысымен бағалап, турнир соңында тиісті ұпай санын белгіледі.

%d1%81%d0%b5%d1%82%d0%b5%d0%b2%d0%be%d0%b9-%d1%82%d1%83%d1%80%d0%bd%d0%b8%d1%80-%d0%bf%d0%be-%d1%80%d0%be%d0%b1%d0%be%d1%82%d0%be%d1%82%d0%b5%d1%85%d0%bd%d0%b8%d0%ba%d0%b5-2

Төрешілердің жақсы бағасын алған роботтардың бірі – қоқыс жинайтын машина болатын. Аталған роботты Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушылары Нұртай Нудиев пен Бекнұр Бекқалилер құрастырған. Жас өнертапшықтардың бұл жұмысы сайыс нәтижесінде ең жоғары ұпай жинады. Қоқыс жинайтын робот үстел үстіндегі барлық нысандарды азғантай уақытта жинап шықты.

«Әрине, әзірге бұл өнімдер тек прототип ретінде оқу мақсатында пайдаланылады. Оларды әлі де зерттеу және сынау арқылы қоғамға нағыз қажетті жаңа заманауи техниканы ойлап табуға болады» – дейді Нұртай Нудиев.

Облыстық турнирдің қорытындысы бойынша, келесі кезеңге Назарбаев Зияткерлік мектебінің және қазақ-түрік лицейінің командалары жіберілді. Енді олар облыс намысын республикалық деңгейде, яғни қазан айының алғашқы күндері Астана қаласында өтетін шешуші кезеңде қорғайтын болады.

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз