Атырауда анти-террорлық жаттығу өтеді

069314 Жаңалықтар

19 қазанда ҚР Терроризмге қарсы Орталығының эгидасы аясында Атырау қаласы аумағында «Найза-Антитеррор-2018» терроризмге қарсы күрес оқу-жаттығуларын өткізу жоспарлануда. Бұл туралы Атырау облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы хабарлады.

069314

Оқу-жаттығудың мақсаты – мемлекеттік және құқық қорғау органдарының террористік актілерді алдын алуға бағытталған дайындықтарын тексеру.

Аталған мерзім ішінде Атырау қаласының кейбір аудандарында шектеу шаралары қолданылатын болады.

–Облыс тұрғындары мен қонақтарын өткізіліп жатырған оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, сабырлық сақтауларын өтінеміз. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұралады, – делінген баспасөз хабарламасында.

 

Сурет sputniknews.kz сайтынан алынды

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз