Жарнама
Білім

«Бала тәрбиесіне байыппен қарайық!»

ОСЫНДАЙ ТАҚЫРЫППЕН ОБЛЫСТАҒЫ 200 МЕКТЕПТЕ ОСЫ АПТАДА АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ. МАҚСАТ – БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ МАҢЫЗ БЕРУ, ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ, МЕКТЕП ПЕН АТА-АНА АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТЫП, БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ӘКЕ МЕН АНАНЫҢ РОЛІН АРТТЫРУ. МҰНДАЙ АУҚЫМДЫ ШАРА ОБЛЫСТА АЛҒАШ РЕТ ӨТІП ОТЫР ЕКЕН. БҰҒАН ОБЛЫС МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТЕРІС ӘРЕКЕТКЕ ӘУЕСТІГІ, ӨРЕСКЕЛ ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ҚАЙТАЛАНУЫ СЕБЕП БОЛҒАН.

СЕРПІЛІС КЕРЕК БҰЛ ІСКЕ…

Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында «Қызғалдақ» балабақшасына жасырын кірген VI-VII сыныпта оқитын 9 оқушы ойыншықтар мен гүлдерді шашып, мекеменің астан-кестеңін шығарса, 2008 жылы туған жасөспірім Атырау қаласындағы орта мектептің бірінде «бомба қойылғаны» туралы жалған хабар таратты. Тағы бір топ оқушының электронды темекі тартып тұрған видеосы да әлеуметтік желіге әп-сәтте таралып, қала маңындағы ауылдық округтің бірінде мектеп оқушыларына энергетикалық қоспасы бар ұнтақ сатып, мектептің жоғары сыныбының оқушылары бастауыш сыныптағы балалардан ақша сұрап, әлімжеттік көрсеткені де ата-аналардың наразылығын туғызды. Мұның барлығы – жасөспірімдердің бақылаусыз жүргенінің айғағы.

Бірінен кейін бірі, аз уақытта ғана орын алған осы келеңсіздіктер шын мәнінде отбасындағы бала тәрбиесінің осалсып кеткенін, мектептегі тәртіп пен тәлім-тәрбие жұмыстарының деңгейі төмендігін аңғартты. Мәселені дереу қолға алған облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев өткен аптада жалпы ата-аналар жиналысын өткізу туралы шешім қабылдап, тұрғындарды оған белсенді атсалысуға шақырды. Тіпті, Facebook желісі арқылы үндеу тастаған еді. 18-20 қазан аралығында өткен жиналыстардың алғашқы күні бастауыш сынып оқушыларына арналса, 19-нда V-VIII сыныптар шәкірттерінің атаанасы мектепте бас қосты. 20 қазанда IX-XI сыныптар оқушыларының ата-аналары шақырылды. Дегенмен, әр мектепте жиын әр форматта ұйымдастырылған. Атап айтқанда, бұрынғы сарынмен «есеп беру» үшін жиналыс ашып, сынға іліккендері де, пікір алмасу форматында өткізгендері де бар.

Бұл жиналыстың өзі де салаға жаңашылдық, бірізділік, ұйымдастырушылық қажеттігін аңғартып тұр. Өзінің де, өзгенің де уақытын аялау әдептілік көрінісі болса, оны мектептегі мұғалімге үйрету артық болар. Әйтсе де, ата-аналарды жинап алып, екі-үш сауалға жауап қайтарумен шектелген білім ұяларының жұмысына серпіліс керектігі айтпаса да түсінікті. Жасыратын не бар, «білім сапасын қайтсек жақсартамыз?» деп бас қатырып жүргенде, тәрбие жұмыстарының сыр беруі «жығылғанға жұдырық» болды.

screenshot 18 2

АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

…Сәрсенбі күні арнайы барып қатысқан «Алмагүл» шағынауданындағы №34 көп салалы мектеп-гимназиясындағы жиын тек аналарға арналды. Өйткені, мектеп ұжымы ұл мен қыз бала тәрбиесін ашық айтып, жеке-дара қарау үшін әкелер мен аналарға жиынды екі күнге бөліп өткізуді жөн санаған. «Бұл да бір құптарлық іс екен» дедік іштей… Әншейінде әкелерді мектепке келтіре алмайтын сынып жетекшілері бұл жолы қуанып қалды. Бір күнде 120 әке келіп, балалары жайлы ой бөлісіп, сауалдарына жауап алған.

Біз жолыққан ІІІ «ә» сыныбының ата-анасы Сайран Жангереев мұндай шараға көптен қатысып тұрғанын жасырмай, жиыннан алған әсерімен бөлісті. – Шынымды айтайын, атааналар жиналысын баланың оқу үлгерімі, оның кімнен озық, кімнен қалық екенін айтатын басқосу деп ойлаушы едім. Бұл жолы «әкелер жиналысы» деген соң арнайы келдім. Өйткені, бала өсіріп отырғанымызбен, білмейтініміз де бар. Әсіресе, психологтың кеңесі ұнады. Әртүрлі жағдайда ашуға берілмей, баланың тілін табу, оны тәртіпке шақырудың жолдарын түсіндірді. Көп жағдайда біздер, ер-азаматтар ашуға беріліп, ұлдарымызға дауыс көтеріп жатамыз. Ал, бұл баланың агрессиясын туғызатыны айтылды.

Жалпы, дәстүрлі тәрбиедегі «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба содан жүрер» деген мақал-мәтелдер орынды айтылған. Біз, яғни, ата-ана өзіміздің әр ісімізбен баламызға үлгі боламыз. Сондықтан, әрбір әрекетімізді ақылмен, байыппен жасағанымыз абзал. Өйткені, сіз бен біз тәрбиелеп отырған бала – өміріміздің жалғасы ғана емес, еліміздің ертеңі, — деді Сайран. Аналарға арналған жиын да «еркін пікір» форматында өтіпті.

Ата-анамен жұмысты жаңаша бағытта өрістете бастағаны байқалып тұр. Алдымен, қатысушыларға бала тәрбиесіне байланысты бейнеролик ұсынылды. Онда екі отбасындағы екі түрлі көзқарас, екіұдай тәрбие көрсетілген. Бірі баласының бетінен қақпай, сабағын қадағаламай, дегенін жасап өсіргенімен, ер жеткенде перзентінің ойынқұмар болғанын көрсе, ал баласын үнемі көзден таса қылмай, мұғалімдермен, қасындағы достарымен қалай қарым-қатынас орнатуға дейін үйретіп, қолына жолақы мен бәлішке ғана жететін ақша берген екінші отбасы ұлын өз ортасына сүйкімді азамат қылып өсіреді. Мектеп психологы бұл көрініске куә болған аналардың жеке пікірін сұрап, әңгімеге тартса, жиналысқа келген тәртіп сақшылары облыста жасөспірімдер арасындағы қылмыстың артқанын айтып алаңдаушылық білдірді

ТЕМЕКІ ШЕГУ СӘН БЕ ЕКЕН?!

Жиынға қатысқан облыстық п с и х и к а л ы қ д е н с а у л ы қ орталығының маманы оқушылар арасындағы кеңінен таралып бара жатқан вейп электронды темекінің зияны туралы жан-жақты ақпарат берді. Сөйтсек, электронды темекі шеккен баланың оған тәуелділігі артып, біртіндеп химиялық дәрімен ғана емделіп жазылатындай жағдайға жетеді екен. Сондықтан, ол аналарды баланың бос уақытын қадағалап, аса сақ болуға шақырды. Мектеп директоры Орынгүл Қ у а н д ы қ о в а о р ы н а л ғ а н жағдайларға байланысты білім ұясында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, әжетхана алдына дейін қызметкерлер кезекшілікке қойылғанын хабарлады. Оның айтуынша, мектептің негізгі кеңістіктеріне бейнекамера орнатылған.

Электронды темекі қолданған бірер баланың атаанасымен жеке түсінік жұмыстары да жүргізіліпті. Мектеп басшысы әсіресе, бұған қыз балалардың құмар екенін айтып, тиісті шаралар алынғанымен балаға үйден үнемі бақылау болмаса теріс әдеттен арыла алмайтынын ескертті. Бажайлап көрсек, вейпқұмар балалар тек биыл анықталмаған екен. Біз бұған дейін де басылым бетінде мәселе көтеріп, теріс әдеттің әлі буыны қатпаған бозөкпе балалар арасында белең алып бара жатқанын айтып, бұқараны зиянды әдетпен күресуге шақырған едік. Одан нәтиже аз болыпты, атаана да, құзырлы органдар да аса ден қоймаса керек. Ал, биыл мәселе ушыға түскен. Тіпті, оқушылардың мұны мектепке әкеліп, ашық пайдаланғанына да дәлел-дәйек бар. Соған қарағанда, мектеп басшылары мен қоғам белсенділерінің, құқық қорғау өкілдері мен дәрігерлер қауымының дабыл қағуы бекер емес. Ащы болса да шындық, қазір электронды шылымды оқушылар қысылып-қымтырылмай-ақ шегетін болыпты.

ТҮЙІН:

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың мектептегі ата-аналар жиналысын жаңа форматқа көшіру туралы айтқанына да көп бола қойған жоқ. Министр барлық ата-аналарды бір сыныпқа жинап, балалардың үлгерімін талқылаудың қажеті жоқ екенін, керісінше мұғалімдердің ата-аналарға балаларының қай пәнге көбірек қызығатыны, одан әрі нені оқуы керектігі туралы бөлек хабарлауын ұсынған еді. Ал, мына олқылықтардан соң сабақ үлгерімінен гөрі баланың тәлім-тәрбиесі жөнінде ата-анамен жеке жұмыс жасау қажеттігі айқын аңғарылды.

Тәрбие жайында тақырып қозғалса, әуелі мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары ойға оралды. Әрине, олар қыңыр оқушыны қызметімен емес, қабағымен ығыстыратындай айбарлы болса, шіркін. Бәлкім, сонда аталған келеңсіздіктер мүлде орын алмас па еді?! Тағы бір жайт – мектеп ұстаздарының түгелге жуық әйелдерден құралуы. Бұрынғы мұғалімдерді (көпшілігі ер адамдар еді) дәліздің ана басынан көргенде-ақ сынып бөлмесіне зып беретін оқушылар қайда қазір? Не десек те, ойланарлық мәселе!..

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button