Атыраулық оқушылар биопластиктен бахилдар жасады

img 2413 Білім

Оқушылардың бұл жобасы  «ABAY GYLYM FEST» ауқымды ғылыми фестивалі кезінде көрмеге шығарылды, – деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Тренер Әсел Оңдашеваның жетекшілігімен «Химия» курсының оқушылары тез және зиянсыз ыдырайтын қайта пайдалануға болатын бахилдарды көрме сөресінде таныстырды.

abaj g

– Біз мұны пластикалық бөтелкені ерітіп, оның құрамына крахмал мен глицеринді қосу арқылы жасадық. Пластиктен қайта өңделіп жасалған бұл бахилдардың қоршаған ортаға еш зияны жоқ. Өйткені оның материалы түрлі өңдеулерден өтіп, биопластикке айналды. Мұны жетекшіммен бірге және құрбым Әйгерім Әбуханова екеуміз жасадық, – дейді «JasSpace» кеңістігіндегі «Химия» курсының қатысушысы Әдия Еңсепова.

Әдетте, пластикалық ыдыстар, бөтелкелермен пакеттер қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіреді. Олар жерде қанша жыл жатса да шіріп, ыдырамайды. Бірақ ауаға бөлінетін зиянды әсері өте көп.

– Соның кесірінен бүгінде экологиялық ахуал нашарлап, түрлі онкологиялық аурулар, мүгедектік көбейіп барады. Мұнымен күрес жолында біз әуелі не істеуіміз керек? Бұл үшін пластикалық ыдыстарды бөлек жинап, оларды міндетті түрде қайта өңдеген жөн. Осы бағытта бізге түрлі биопластик заттарды ойлап шығаруға болады. Соның бірі – біз ұсынып отырған тез және зиянсыз ыдырайтын қайта пайдалануға болатын бахилдар, – дейді Әсел Оңдашева.

Алтыншаш Құрмашева

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз