БАЛА ТӘРБИЕСІ – БАСЫНАН

Егемен еліміздің ертеңі бүгінгі жас жеткіншектер болса, сол ұрпағымызды мейірімсіздік пен қатыгездіктен, жатыпішер жалқаулықтан аулақ етіп, ұлтын ұлықтайтын, дәстүрін сақтайтын азамат етіп тәрбиелеу – барша үлкеннің міндеті. Өзге елден ерек, тұғыры биік, туы берік жас жетілсе, ол тұтас еліміз үшін баға жетпес байлық, мол қазына емей немене?!

Елбасымыз айтқандай, шынымен де «Қазақстанның болашағы білімді жастардың қолында». Олай болса, жас ұрпақты сапалы білім нәрімен сусындатып, олардың болашақтарына үлкен мән берген ләзім. Сонда көтерер жүгіміз де жеңілдейді. Атырау Бизнес және құқық колледжіндегі облыстық конференцияда осылайша бала тәрбиесі мәселесі кеңінен әңгіме болды. 

Конференция жұмысына колледж студенттерінің ата-аналары, облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары З.Дүйсекенова, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның бас инспекторы З.Жалмурзина, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы директоры Г.Мәмбетова, колледждің ата-аналар ұйымы төрайымы Б.Нұржанова, облыстық қарттар мен мүгедектер интернат үйінің директоры Қ.Күзембаева, облыстық балалар құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Г.Губашева және қаладағы техникалық, кәсіптік білім беру оқу орындарының басшылары мен орынбасарлары қатысып, пікірлерін айтты. 

«Жаста берген тәрбие жас шыбықты игендей» демекші, конференцияда  сөйлеушілердің қай-қайсысы да бала тәрбиесінің ата-ана, ұстаздар тарапынан қалыс қалмауын, жазушы С.Ғаббасовтың «Халық педагогикасының» әрбір отбасы кітапханасынан табылуын қадап айтты. 

Айымгүл ИМАШЕВА,

Светлана КУБАШЕВА,

Атырау бизнес және құқық колледжінің оқытушылары.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз