Атырауда жоғарғы сыныптар дәстүрлі форматта оқи ала ма? Бас мұғалім жауап берді

2 2 Жаңалықтар

«Мәселе эпидемиологиялық ахуал тұрақтануына қарай шешіледі» деп хабарлайды Atr. kz

«Сайлау өтуіне байланысты, бүгін, яғни, 11-қаңтар күні облыстағы барлық мектептерде сабақтар онлайн форматта өтуде. Бір күн бойына мектептерде дезинфекциялық жұмыстар жүруде» деп хабарлайды Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Дегенмен, үшінші тоқсан мектептерде қашықтықтан оқыту форматында жалғасады.

«Біз үшін балалардың қауіпсіздігі мен өмірі өте маңызды. 12 қаңтардан бастап 1-4 сынып оқушылары ата-аналарының өтініштері негізінде кезекші сынып режимінде оқуды жалғастырады. 9, 11 сынып оқушылары да қашықтықтан оқуды жалғастырады», – деді облыстық Білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз