Жарнама
Білім

Атыраулық жас өнертапқыш: «Адамға қауіпсіз, тиімді әрі арзан дүние шығардық»

Бүгінде ғылымдағы жаңалыққа жаны құмар, ізденімпаз, дарынды балалар көбейіп келеді. Сондай жас таланттың бірі – Абай орталығындағы JASSPACE кеңістігінің оқушысы Дария Бегалиева. Ол жуырда ең алғаш рет биопластик жасап шығарып, көпті таң қалдырды. Біз STEAM білім беру орталығының «химия» курсына қатысушы жас өнертапқышпен жүздесіп, биопластик жобасы туралы әңгімелескен едік.

– Дария, бұл экоөнімнің басты ерекшелігі неде? Алдымен әңгімемізді осыдан бастасақ…

– Биопластиктің табиғатқа зияны өте аз. Бұл қазір қолданылып жүрген пластикалық пакеттерді алмастыра алады. Мен осы жобаны жасауға екі ай уақытымды жұмсадым. Өнімді жасауға су, глицерин, картоп крахмалы және сірке суын қолдандым. Қазір азық-түлік дүкендері, гипермаркеттерде пластикалық пакеттегі заттар көп. Бұдан түрлі улы заттар бөлінеді. Біз қазір нанның өзін пластикалық пакетке орап жүрміз. Ал, мен дайындаған биопластикті екінші мәрте қолдануға болады. Тағы бір ерекшелігі, биопластикті қолданысқа енгізу қоршаған ортаға шығарылатын зиянды қалдықтарды азайтумен қатар, агросекторды дамытады. Өйткені, биопластикті жасауға ауыл шаруашылығы дақылдары мен өнімдері қолданылады.

zshzshzsh

 –Биопластик мұнайдан жасалатын химиялық өнімдерге сұранысты азайтуға да себепші болады ғой…

– Әрине, себепші. Мен бұл жобаны жетекшім, JasSpace кеңістігіндегі «Химия» курсының тренері Әсел Оңдашевамен бірлесе жүзеге асырдым. Ол бізге қазір химия саласында полимер жиі қолданылатынын айтты. Одан түрлі синтетикалық заттар жасалады. Синтетикалық өнімдердің құрамында түрлі улы заттар болады. Қазір біз синтетикалық заттарды тағамдарды қаптауға қолданып жүрміз. Ал, біздің жасап шығарған биоиопластиктің еш зияны жоқ. Ол ыдыраған кезде де зиянды зат бөлмейді. Соңғы уақытта тағамдардың қағаз қорапқа салынатынын байқаймыз. Алайда, қағаздан пакет жасау үшін бірнеше мыңдаған ағаш кесіледі. Осы жағдайды ескерсек, біз ұсынған жаңалық – табиғатты қорғауда да маңызды бастама болып табылады.

– Ал, бұл жобаны түрлі конкурстарға ұсынып, бақ сынап көрдің бе?

– Бүгінде жоба жұмысының өте жоғары бағаланып жатқанына қуанамын. Бұл жұмысымды облыстық деңгейде өткен «JasSpace Project Challenge – 2023» робототехника және STEAM жобалар байқауына ұсынған едім. Сол жолы жеңіс тұғырына көтеріліп, республикалық конкурсқа жолдама алдым. Бұл – мен үшін үлкен жетістік.

– Алдағы уақытта қандай жоспарларың бар?

– Биопластик Қазақстанда өндірілмейді. Сондықтан, біз жобаны әрі қарай дамытып, патенттегіміз келеді. Алдағы уақытта бұл ғылыми жаңалықты Атыраудағы полимер зауытына ұсынуға да болады. Тренерім Әсел Оңдашевамен осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі өрістетсем деген ойым бар. Сондай-ақ, Атырау жастарын дамыту бастамасы аясында іске қосылған «JasSpace» кеңістігінің мүмкіндіктері арта берсе екен деймін.

– Ғылым жолында талмай ізденіп, тың жаңалықтарға қол жеткізе беруіңе біз де тілекшіміз.

Сұхбаттасқан Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button