Жарнама
Білім

Атыраулық ұстаздар «Үздік педагог – 2023» байқауының жеңімпазы атанды

Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің оқытушысы Гаухар Қабдешова мен Атырау аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы Айгүл Сүйесінова республикалық «Үздік педагог – 2023» байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Елімізде 2012 жылдан бастап педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметінде жоғары жетістіктері бар педагогтарға қолдау көрсету мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Үздік педагог» байқауына мыңға жуық педагог өтінім беріп, республикалық кезеңге мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 400 педагог өткен.

uzdik u

«Үздік педагог» атағын беру жөніндегі республикалық комиссия отырысының​ қорытындысы бойынша ​ Республика бойынша ​ 64 мұғалім «Үздік педагог» атағына ие болды. Бүгін Елордада өткен марапаттау рәсімінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үздік педагогтерге төсбелгі мен 1 000 АЕК ақшалай сертификат табыстады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button