Атырау мектептерінде «Менің анам – дәрігер» тақырыбында сурет салудан байқау басталды

1 19 Жаңалықтар

«Байқауға өңірдің медицина қызметкерлерінің балалары қатыса алады»,- деп хабарлайды Атырау облыстық  денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 


Халықаралық әйелдер мерекесі  қарсаңында ұйымдастырылған сурет байқауы  23 ақпанда басталып, 5 наурызда аяқталады. Оған жоғары және орта буын медицина қызметкерлерінің, дәрігерлердің,  фельдшерлердің  1-8 сыныпта оқитын балалары қатыса алады.
Байқаудың мақсаты –  өңірдегі медицина қызметкерлерінің имиджін арттыру, қоғамда медицина мамандығын насихаттау. 


– Бүгінде пандемия жағдайына байланысты медицина мамандығы бүкіл әлемде бұрынғыдан да зор сұранысқа ие. Сондықтан дәрігерлер мен медбикелердің қоғамдағы беделін мектеп қабырғасынан бастап арттыру өте маңызды.

Біз дәрігерлердің балаларының көп уақытын пациенттердің өмірін сақтап қалу жолында жұмыста өткізетін аналарымен мақтанғанын қалаймыз. Қалалық білім бөлімі мен білім басқармасының басшыларына көрсеткен қолдауы үшін үлкен алғысымды білдіремін, – деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев.

Айта кетейік, байқау қорытындысы 5 наурызда жарияланады. Жеңімпаздарға Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының атынан бағалы сыйлықтар табысталады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз