Жарнама
Білім

Атыраулық университет алғаш рет ғылыми-танымдық бағытта  подкаст бастады

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті алғаш рет ғылыми-танымдық бағытта подкаст бастады. Алғашқы шығарылымның қонағы Түркиядағы Сакария университетінің профессоры Али Чору суперконденсаторларды қолданатын сутегі энергиясы туралы айтты, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Искаков Ринат Маратұлы «AOGU Official» YouTube каналында «Каспий деңгейінен 25 минут төмен» подкастын  жүргізеді. 

Ғылыми-танымдық бағыттағы подкаст әлемдегі және еліміздегі ғылымның дамуы, заманауи зерттеулер, жетістіктер мен инновациялар тақырыбын қозғайды. 

 Ринат Искаков —  химия ғылымдарының докторы. Бұған дейін Қазақстан-Британ техникалық университетінде және Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде профессор болып жұмыс істеген. Ғылыми бағыты — жаңа полимерлі материалдарды синтездеу және алу технологиясы. Мұнай өңдеу, химиялық өндірістерді жобалау және модельдеуге байланысты зерттеулермен айналысады. 

Подкастта отандық және шетелдік ғалымдар қазіргі заманғы энергетика ғылымы мен технологиялары, экологиялық және төмен көміртекті инновациялық шешімдер мен зерттеулер туралы айтады. 

Related Articles

2 Comments

  1. Керемет! Атырау мунай газ университет алга

  2. Керемет! Атырау мұнай және газ университеті алға!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button