Атыраулық студент «Euroskills» халықаралық чемпионатында Қазақстан намысын қорғамақ

374576678 974373847242786 3373483140978905498 n Білім

5-9 қыркүйек күндері Польшаның Gdansk қаласында «Euroskills –2023» халықаралық чемпионаты өтеді. Оған 32 елден 600 жас маман қатысады.

«Чемпионатқа Қазақстан Ұлттық құрама командасындағы 28 қатысушы 25 құзыреттілік бойынша бақтарын сынайды. Ұлттық команда сапында облысымыздан С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының 4 курс студенті Ерасыл Бағытжан «CAD инженерлік графикасы» құзыреттілігі бойынша ел намысын қорғайды», – деп хабарлайды Атырау облыстық білім басқармасы.

Айта кетейік, Ерасыл – «Worldskills Kazakhstan –2022» Ұлттық чемпионатында аталмыш құзыреттілік бойынша 1-ші орынды иеленген жүлдегер. Ол тұрақты дайындалып жүрген білімді де ізденімпаз, Polytech үздіктерінің бірі. Осы жазда екі ай арнайы жаттығу лагерінде болып, дайындығын шыңдай түсті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз