Жарнама
Білім

Атыраулық оқушының пластикті тасжол жобасы жоғары бағаланды

 «ABAY GYLYM FEST» оқушылардың ғылыми фестивалінде атыраулық оқушы Асылым Ізғали пластикалық бөтелкелерден жасалған тасжол жобасын таныстырды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Шетелдік тәжірибелерден алынған бұл әдіс пластикалық заттарды қайта өңдеп, оларға «екінші өмір» сыйлауда және шұрқ-тесік жолды жөндеуде де таптырмас мүмкіндік екен.

d9b71e4e 547b 47b8 a57f ed88d76a9cf9

– Өз жобамды дайындау үшін құрылыс материалдарынан құм араласқан тас, битум, шайыр ғана керек болды. Қалғанына пластикалық бөтелкелерді қолдандым. Біле білсеңіз, пластиктен жасалған жол біз білетін әдеттегі жол салудан әлдеқайда тиімді әрі арзан. Әлемде жер бетінде 1 миллион тоннадан астам пластик бар. Өзен, теңізге лақтырылып, су астында жүзгендері қаншама?! Осындай қалдықты жинақтап, қайта өңдеу арқылы бізге тасжолдардың мәселесін түбегейлі шешуге болады әрі бұл қоршаған ортаны қорғауда маңызды. Қазір қала көшелеріндегі тасжолдар тозып, бүлінгенін жиі көреміз. Оны дәстүрлі құрылыс материалдарымен қайта-қайта жөндеу арзан емес.

c493d3cf 3c08 4255 9d24 dfa61b2a3ac3

Пластикалық тасжол жобасын қолданысқа енгізсек, әлдеқайда тиімді. Мен ұсынған жоба қазір Норвегия, Қытай мен Үндістанда қолданылады. Әсіресе Қытайда қарқынды түрде дамыған. Осы жүйенің Қазақстанда да енгізілгенін қалаймын. Жобамды әлі де зерттеп, дамыта бергім келеді, — деді жас ғалым Асылым.

Асылым фестивальге «Жасушалы қала» деп аталатын екінші жобасын да әкеліпті. Бұл туындыны тірі ағзадағы жасушаларды балаларға визуалды түрде түсіндіруде арнайы көрнекі құрал ретінде  жеңіл ермексаздан дайындаған.

– Балалар әуелі биология ғылымымен танысқанда жасушаның не екенін білуі керек. Егер ол болмаса адам да, өсімдік те, жануар да, жалпы тірі ағзалар болмас еді. Тірі ағзаның барлығы жасушадан құралады. Менің жобамда жануар жасушасының құрамы көрсетілген. Бұлар – ядро, цитоплазма, Гольджи аппараты, клетка орталығы, эндоплазмалық тор, лизосома, митохондрия, рибосома. Әрбір жасушаның атқаратын өз қызметі бар. Мәселен, эндоплазмалық тор ағзаны түрлі вирустан қорғайды. Ал, Гольджи аппараты жасуша биосинтезінің өнімдерін түзілу және тасымалдау қызметін атқаратын мүшесі, — деді Асылым Ізбасарқызы.

Айта кету керек, Асылым Ізғалидың фестивальде ұсынған жұмыстары 48 жобаның ішінен ІІІ орынға ие болды.

Алтыншаш Құрмашева

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button