Жарнама
Білім

Атыраудағы NIS білім мен БАҚ байланысын нығайтты

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өңірдегі журналистермен мазмұнды кездесу өткізді.

Басқосу барысында журналистика мен білім саласы арасындағы өзара байланысты арттыру, шығармашылық әріптестікті нығайту, сонымен қатар қоғамдағы ақпараттық мәдениетті қалыптастыру жайы сөз болды. Ашық пікір алаңы форматында өткен кездесуде қазіргі қоғамдағы журналистиканың рөлі, БАҚ миссиясы мен NIS білім беру жүйесінің ерекшеліктері кеңінен талқыланды.

Мектеп директоры Ерәлі Бижанов өз сөзінде журналистердің жас ұрпақ тәрбиесіне қосып жүрген үлесін ерекше атап өтіп, жыл бойы мектеп өмірі жайында мазмұнды материалдар жариялап, қоғаммен байланыс орнатуда белсенділік танытқандарға зор алғысын білдірді. Кездесу барысында бірқатар БАҚ өкіліне Алғыс хаттар мен естелік сый-сияпаттар табысталды.

Өз тілшіміз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button