Жарнама
Білім

Махамбет ауданында жаңа мектеп ашылды

Махамбет ауылында 600 орындық жаңа мектеп 300 орындық интернатымен бірге пайдалануға берілді.

372956207 18277688335145600 2653194945131191033 n

Мектептің ашылу салтанында сөз алған аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады.

— Құрметті мектеп ұжымы, қымбатты ата-аналар, оқушылар! Махамбет ауданының орталығында бой көтерген 600 орындық жаңа мектеп пен 300 орындық жатақхана үйінің пайдалануға берілуімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа мектеп жаңаша жұмыс жасайды, нағыз білімнің ордасы болады деген ойдамыз. Осында оқитын оқушылар заман талабына сай жақсы, терең білім алады деп сенеміз. Бүгін 1 қыркүйек — дәстүрлі алғашқы қоңырау, білім күні. Ең бірінші мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді, олардың болашағының негізін қалаушы ардақты ұстаздарымызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Бүлдіршіндеріміздің мектеп табалдырығын аттаған қадамдары берекелі, несібелі болып, тәуелсіз елімізді гүлдендірер, экономикасын алға сүйрер елжанды азаматтар болып жетілсін деген тілек білдіргім келеді, – деді аудан әкімі Қайрат Есқабылұлы.

373623404 18277688293145600 4320403514025503004 n

Мектеп құрылысын жүргізген мердігер мекеме «БатысАльянсСтрой» ЖШС директоры Жұбанов Жаңабай мектеп директоры Талшын Ідіркеноваға мектептің кілтін табыс етті. Одан әрі аудан әкімі Қ.Нұрлыбаев пен ардагер ұстаз М.Есенғалиев жаңа ғимараттың тұсауын кесті.

Аудандық білім бөлімінің басшысы В.Қабышеваның айтуынша, жаңа ғимаратқа аудан орталығындағы апатты жағдайда тұрған Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясы толықтай көшірілген. Жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын 630 бала аттап отыр. Мектепте 1 мәжіліс зал, 1 спорт зал, 1 асхана, 27 оқу кабинеті бар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button