Білім
Атыраудағы мектептің бірінде дипломсыз мұғалімдер сабақ берген
Атыраудағы Т.Амандосов атындағы орта мектепте біліктілігі сәйкес келмейтін 4 қызметкерге жүктемелер берілгені белгілі болды. Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жоспардан тыс аудиторлық іс-шара барысында мамандығы бойынша дипломдары болмаса да барлығы 19 236,3 мың теңге еңбекақы есептелініп, төленгенін анықтаған. Бұл туралы аталған департамент басшысының орынбасары Жалғас Букаев хабарлап отыр.
–2017-2023 жылдар аралығында 6 қызметкерге атқармаған жұмыстары үшін 4 774,4 мың теңге негізсіз төленгені анықталды. Қазіргі уақытта аталған қаржылық бұзушылықтар бюджетке толықтай өтелді. Сондай-ақ, жоғары көрсетілген бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі қаралды,-дейді Ж. Букаев.
А. САБЫРОВА